ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫ: ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР МЕН ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР
Кілт сөздер:
электронды кітапханалар, электронды кітап, ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), цифрландыру, автоматтандыру, ақпараттық ресурстарАңдатпа
Мақалада қоғам дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі-ақпарат дәстүрлі баспа түрінде де, электронды түрде де бар, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологиялар адамзат жинаған ақпаратты электронды түрге кеңінен аударуға ғана емес, сонымен бірге бірден электронды түрде көптеген жаңа ақпараттық ресурстарды құруға мүмкіндігі туралы жазылған. Ақпаратты ұсынудың бұл формасы байланыс процестерін едәуір жеделдетумен қатар, ақпаратты өндіру, сақтау және тарату процестерін сапалы жаңа деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндігі сипатталады. Ақпараттандыру, ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың (АКТ) және мультимедианың конвергенциясы, ғылым мен білім беру саласында қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді қолдануға көшу білімді алу мен жинақтаудың, оларды тарату мен пайдаланудың түбегейлі жаңа деңгейін қолдану мысалдары келтірілген. Алынған нәтижелер зияткерлік жүйелерді жобалауда және нақты практикалық міндеттерге арналған оңтайлы архитектураларды таңдауда пайдалы болуы мүмкін