«Геймификация элементтері цифрлық білім беру ортасындағы интерактивті оқыту құралы ретінде» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарына талдау және шолу.

Авторлар

  • Жолдасбеков Н. А., Кыдыралина Л. М. Автор

Кілт сөздер:

Геймификация, Оқыту процесі, Мотивация, Ойын элементтері, білім беру технологиялары, инновациялық тәсілдер

Аңдатпа

Қазіргі заманда технологияның жылдам дамуымен бірге білім беру саласында да инновациялық тәсілдер кеңінен қолданыла бастады. Осындай тәсілдердің бірі — геймификация, яғни оқу үрдісін ойын элементтері мен механикаларын қолдану арқылы қызықты және нәтижелі ету. Геймификация оқушылардың мотивациясын көтеруге, олардың белсенділігін арттыруға және материалды тереңірек игеруге ықпал етеді. Бұл әдіс тек балаларға ғана емес, әр жастағы білім алушыларға арналған оқу бағдарламаларында қолданылады.Талдау және шолу негізінде бес ғалымның зерттеу жұмыстары қарастырылған, атап айтқанда, Л. Д. Цирулева,  Я. А. Макакенко, М.А. Лапина, А.З Алексеева, С. И. Никитин [1-5].  Авторлар геймификацияның негізгі анықтамалары, оның білім беру жүйесіндегі орны, артықшылықтары мен кемшіліктері талданған. Зерттеу жұмыстарында геймификация элементтерінің білім алушыларға әсері, олардың оқуға деген ынтасын арттыруы мен танымдық белсенділікті күшейту мүмкіндіктері мүмкіндіктері қарастырылған. Мақалада геймификацияның білім алушылардың ынтасын арттыруға және олардың танымдық белсенділігін дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Сондай-ақ, әртүрлі авторлардың геймификацияға берген анықтамалары салыстырылып, осы әдістің білім беру саласындағы болашағы мен мүмкіндіктері талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи