ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ ДЕҢГЕЙДЕ ARDUINO ПЛАТФОРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Жапарова Б.К., Аманғазы Б. Қ. Автор

Кілт сөздер:

ақпарат, робототехника, технология, білім, талдамдық үдеріс.

Аңдатпа

Arduino платформасы негізінде робототехниканы дамыту бүгінгі білім беру үдерісінде өте маңызды сала болып табылады. ХХІ ғасырдағы технологиялық дамудың қарқын алуы, автоматтандыру мен роботтандырудың енгізілуі, жастар арасында IT-біліктілікті арттыруды талап етеді. Робототехника бойынша білім беру оқушыларға STEM (Ғылым, Технология, Инженерия, Математика) элементтері арқылы практикалық дағдыларды меңгеруге, логикалық ойлауды дамытуға, топтық жұмыс жасауды үйренуге, сондай-ақ заманауи технологияларды қолданудың негіздерін игеруге мүмкіндік береді.

Arduino платформасының артықшылықтары:

1.Қол жетімділік: Arduino микроконтроллерлері бюджеттік деңгейде кеңінен қолданылады, осылайша оқушылардың тәжірибе жасай алуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

2.Пайдаланудың жеңілдігі: Arduino программасын пайдалану үшін программалау сауаты мен білімінің минималды деңгейі қажет. Оқушылар C/C++ тілдерін үйреніп, оларды Arduino құрылғыларына бағдарлама жазу үшін қолдана алады.

3.Көпфункционалдылығы: Arduino платформасы түрлі сенсорлар мен модульдермен жұмыс істей алады, яғни әртүрлі жобаларды жасауға мүмкіндік береді.

Робототехниканы меңгеру барысында, оқушылар тек нақты техникалық дағдыларды қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге пәнаралық шығармашылықты, сыни ойлауды, және проблемаларды шешу қабілеттерін дамытады. Arduino платформасында жүзеге асырылатын жобалар оларды инженерлік білім мен практикамен таныстырады, болашақта инженерлік мамандықтарға қызығушылықтарын арттыруы ықтимал.

Елбасымыздың тапсырмалары мен білім беру саласындағы реформалар аясында педагог қызметкерлердің негізгі мақсаты – жастардың ақпараттық-технологиялық даярлығын арттыру, IT-біліктілікті қалыптастыру, және оқу үдерісінде инновациялық тәсілдерді қолдану болып табылады. Осылайша, робототехниканы оқыту білім беру жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады, жастардың шығармашылық әлеуетін толық ашады және ғылыми, инженерлік ойлаудың базасын қалыптастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи