ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
электрондық оқулықтар, білім берудің цифрландырылуы, енгізу мәселелері, техникалық инфрақұрылым, мұғалімдерді даярлау, білім беру стандарттары, цифрлық технологиялар.Аңдатпа
Мақалада электрондық оқулықтарды білім беру жүйесіне енгізудегі мәселелер мен қиындықтар қарастырылған. Негізгі назар техникалық инфрақұрылымның біркелкі болмауы, мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық технологияларды пайдалануға жеткілікті дайындығының болмауы, жабдықтардың қымбаттығы, сондай-ақ оқулық мазмұнын әртүрлі білім беру стандарттарына бейімдеудегі қиындықтарға аударылады. Оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың пайдасы туралы шексіз айтуға болады. Бұл білім алушылардың өзіндік, ізденімпаздық әрекетін дамытуға, танымдық қабілетін арттыруға ықпал етеді.Электронды оқулықтың пайда болуы ғалымдардың үлкен жетістіктерінің бірі және бұл оқу-тәрбие жұмыстарының жаңа жанры, яғни дәстүрлі оқулықтың орнын толықтай алмастырмайтынын дәлелдеуге тырысамыз.Автор электрондық оқулықтарды сәтті енгізу және сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерді шешуде мемлекет, білім беру мекемелері және технологиялық компаниялар арасындағы кешенді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіледі.