Ақпараттық қауіпсіздіктегі биометрия. Биометриялық аутентификацияның бүгіні және болашағы
Кілт сөздер:
Биометрия, аутентификация, сәйкестендіру, ақпараттық қауіпсіздік, саусақ ізі, бет пішінін тану,биометриялық деректер, авторизация, цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғауАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында адамның жеке басын растаудың маңызды аспектісі ретінде биометриялық сәйкестендіру мен аутентификация мәселесі қарастырылады. Дәстүрлі құпиясөздердің әлсіз жақтары мен қауіпсіздікке төнетін қатерлер талданады. Биометрияның негізгі түрлері — биологиялық, морфологиялық және мінез-құлықтық сипаттамалар — жан-жақты сипатталып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Сонымен қатар, статикалық және динамикалық биометриялық аутентификация әдістері, олардың техникалық іске асу жолдары мен қауіпсіздік көрсеткіштері сараланады. Мақалада биометриялық жүйелердің сенімділігі, жалған оң және теріс нәтижелердің ықтималдығы, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тәуекелдер мен заманауи мәселелер қозғалады. Авторлар биометрияны қолданудың артықшылықтарымен қатар, оны ендірудегі техникалық және этикалық қиындықтарға да назар аударады.