МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ: ЖІКТЕЛУІ, ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Кілт сөздер:
машиналық оқыту, бақылаумен оқыту, нейрондық желілер, интерпретация, тұрақтылық, жіктеу, қолданбалы міндеттерАңдатпа
Мақалада машиналық оқытудың заманауи модельдері, олардың архитектуралық және функционалдық ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі, сондай-ақ оларды құру және қолданудың негізгі қағидаттары қарастырылады. Бақылаумен, бақылаусыз және нығайтумен оқыту алгоритмдерінің теориялық негіздері сипатталған. Денсаулық сақтау, қаржы, энергетика, өнеркәсіп және білім беру салаларындағы қолданбалы есептерді шешудегі модельдердің тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізілген. Ғылыми жарияланымдарды жүйелеу және жалпылау әдістері пайдаланылды, нақты жағдайларда модельдерді сәтті қолдану мысалдары келтірілген. Модельдердің интерпретациялану қабілеті, артық оқытудан қорғаныс, жалпылау және жаңа деректерге бейімделу мүмкіндігі мәселелеріне ерекше назар аударылған. Алынған нәтижелер зияткерлік жүйелерді жобалауда және нақты практикалық міндеттерге арналған оңтайлы архитектураларды таңдауда пайдалы болуы мүмкін.