Жасанды интеллект: әлеуметтік өзгерістер, этикалық мәселелер және инновациялық мүмкіндіктер

Авторлар

  • Умбетова Д.О. Автор

Кілт сөздер:

Жасанды интеллект (ЖИ), даму тенденциялары, машиналық оқыту, терең оқыту, автоматтандыру және робототехника, генеративті ЖИ, ЖИ платформалары, Қазақстандағы ЖИ даму орталығы, білім беру және ЖИ, деректерді талдау, экономикалық ықпал, әлеуметтік әсері, этика және заңнамалық мәселелер, болашақтағы мүмкіндіктер, қауіптер және тәуекелдер.

Аңдатпа

Бұл мақалада жасанды интеллекттің (ЖИ) даму тенденциялары, қоғамдағы рөлі және оны қолдану салалары жан-жақты талданады. ЖИ технологияларының негізгі бағыттары ретінде машиналық оқыту, терең оқыту, автоматтандыру, робототехника, табиғи тілді өңдеу (NLP) және генеративті жасанды интеллект қарастырылады. Автор ЖИ-дың экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы ықпалын сипаттай отырып, Қазақстандағы жаңа ЖИ платформалары мен ұлттық жобалардың маңыздылығына тоқталады. Сонымен қатар, ЖИ этикалық және құқықтық мәселелерді туындататыны атап өтіледі. Болашақта ЖИ-дың денсаулық сақтау, білім беру, климат өзгерісін болжау және ғарыш зерттеулері сияқты салаларда жаңа мүмкіндіктер ашатыны айтылғанымен, жұмыссыздық, қауіпсіздік және тәуелділік сияқты қауіптер де қарастырылады. Мақалада жасанды интеллектті тиімді дамыту мен қолдану үшін адамзат мүдделерін басымдыққа қою қажеттілігі ерекше атап өтіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи