Инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект
Кілт сөздер:
жасанды интеллект, инклюзивті оқыту жүйесі, ақпарат, технология, интеллектуалды оқыту жүйелері.Аңдатпа
Бұл мақалада жасанды интеллекттің (ЖИ) адам дамуындағы рөлі өте ауқымды екені туралы жазылған, өйткені ол өмірдің көптеген салаларында тиімділікті арттырып, жаңа мүмкіндіктер ашуда. Ол адамның білім алуынан бастап, денсаулығын жақсартуға, жұмысты оңтайландыруға және қоғамдағы теңдікті нығайтуға дейін ықпал ете алады. Инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект студенттерге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар оқытушыларға тиімді және икемді оқу процесін қамтамасыз ете отырып, әр студенттің қажеттіліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Жасанды интеллект (ЖИ) контекстіндегі инклюзивті білім — бұл физикалық, психикалық немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық студенттерді оқыту мен дамытудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін технологияны қолдану.