ТАРАТЫЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ЖƏНЕ ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Б.С. Жапар, T.С. Жылкыбаев, K.Б.Байбосинова Автор

Кілт сөздер:

таратылған автоматтандырылған оқыту, зияткерлік деңгей, бағалау моделі, дифференциалды жауап

Аңдатпа

 Бұл мақалада таратылған автоматтандырылған оқыту жүйесін қалыптастыру жəне білімді бақылау принциптерінің жалпы əдістерін дифференциалды бағалаудың негізгі өзектілігі қарастырылады. Қазіргі уақытта оқыту үрдісінде программалық технологиялар компьютерлерге қарқынды енгізілуде,оқушыларға оқыту материалдарын қабылдауға жəне бақылау жүйесін жетідіруге арналған. Сонымен қатар соңғы онжылдықта бағдарлама өнімінің нарығында əртүрлі пəндік салаларды қамтитын автоматтандырылған жүйелерді (АОЖ) қоса алғанда көптеген оқыту жүйесі пайда болды жəне адам өмірінің əртүрлі кезеңдеріндегі бастауыш мектептен орта мектепке дейінгі білім беру жəне жоғары оқу орындары үшін де қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарламалардың көпшілігі субъективті сипатта, бағдарламалау саласындағы авторлардың білімінің зияткерлік деңгейін көрсететін жəне компьютерлік оқыту технологиясы бойынша əзірлеушілердің пікірлеріне сəйкес жазылған. Бұл бірқатар бағдарламалардың өте шектеулі функционалдылығына жəне тыңдаушының материалын толығымен түсінуге мүмкіндік бермейтініне, ал кейбір жағдайларда тіпті жеке компьютерлер негізінде AOЖ идеясын насихаттауға əкеледі. Автоматтандырылған оқыту жүйесі (AOЖ) – бұл ақпараттық технологияға негізделген оқу үрдісіне əдістемелік, білім беру жəне ұйымдастырушылық қолдауды қамтитын бағдарламалық-техникалық кешендер.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи